Skip to content

ИЛЬХАМ ӘЛИЕВТІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ ОДАҚТАСТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ – ТОҚАЕВ

      Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары одақтастық қатынастарды дамытуға тың серпін береді. Бұл туралы Ақордада Әзербайжан Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Шағын құрамдағы келіссөз барысында біз күн тәртібіміздегі бірқатар өзекті мәселені тыңғылықты талқыладық, мемлекеттердің өзара іс-қимылының жаңа өсім нүктелерін айқындадық, халықаралық құрылымдар аясында диалогты нығайту жайында пікір алмастық. Және де осы тұстардың барлығы да бүгін біз қол қоятын бірлескен мәлімдемеде тиісінше орын алады. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз зор мәнге ие екендігіне сенім артамын. Ол елдеріміз арасындағы одақтастық қарым-қатынасты дамытуға қуатты серпін берері сөзсіз», – деді Қазақстан Президенті.

   Осыған дейін Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге болатыны айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *