Skip to content

ИНФЛЯЦИЯ БАЯУЛАЙДЫ ДЕГЕН ҮМІТТЕМІЗ – ҰЛТТЫҚ БАНК

         Елімізде инфляцияның баялауы күтіледі. Бұл жайында бүгін Сенатта Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы өткен жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәннен төмендеуіне қарамастан, алдыңғы 5 жылдағы орташа жылдық мәндерден асатын деңгейде қалып отыр. Инфляция біздің күтулерімізге сәйкес қалыптасып келеді. Оның биылғы ақпан айындағы жылдық мәні 21,3 пайыздық ең жоғары көрсеткішке жетті. Азық-түлік бағасының өсіп, 26,2 пайызға жетуі инфляцияға көп үлес қосып отыр. Азық-түлікке жатпайтын инфляция импорттық тауарлардың қымбаттай түсуіне және оларға деген сұраныстың артуына байланысты 20,2 пайызға дейін жеделдеді. Ақылы көрсетілетін қызметтер инфляциясы 15 пайызға жетті. Логистикалық жеткізу жолдарының қайта құрылуына, жоғары инфляциялық күтулерге, фискалдық ынталандыруға және кредиттеудің ұлғаюына байланысты инфляция өсу үстінде», – деді ол «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыра келе.

     Оның атап өтуінше, Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу және еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимінде дезинфляциялық монетарлық саясатты жүргізіп келеді.

       «Сыртқы инфляциялық жағдайдың төмендеуіне, жаңа логистикалық жеткізу жолдарының реттелуіне, өткен жылдың жоғары базасының өзгеруіне байланысты жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатын ескере отырып, инфляция баяулайды деп күтіледі», – деді Ақылжан Баймағамбетов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *