Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға күш салмақ, деп хабарлайды Sanur.kz.
«Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру мен үшін зор мәртебе. Қазақстан мен Иран 30 жыл ішінде өте жақсы қарым-қатынас орнатты. Ал жеткен жетістікті сақтап қалу және көптеген саладағы, оның ішінде экономикадағы екіжақты жетістігімізді нығайту – біздің жауапкершілігіміз. Екі елдің экономика саласында әлеуеті де, мүмкіншілігі де бар. Өз мүмкіндігімді пайдаланып, экономикалық байланысты нығайтуға күш саламын», – деді Әли Акбар Джоукар бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін.
Естеріңізге сала кетсек Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын Малайзия Елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырған еді.
Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Малайзия Елшісі Мохамад Адли бин Абдулла Қазақстан Малайзияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі саналатынын атап өтті.
Ал Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджудың айтуынша, Қазақстан – Түркия қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.