Skip to content

«ҚАРА БҮРКІТ» ТҮРМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАН АДАМНЫҢ АЙ САЙЫНҒЫ КҮТІМІНЕ 181 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

     Қостанайдағы «Қара бүркіт» түзету мекемесінде аса ауыр қылмыс жасап сотталған бір адамның ай сайынғы күтіміне мемлекет бюджетінен 181 мың теңге жұмсалады, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Айта кетейік, «Қара бүркіт» колониясында өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, яғни жеке тұлғаға, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

  Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті өкілдерінің мәліметінше, «Қара бүркітте» қазіргі күні 180 адам отыр.

  Оның әрқайсының ай сайынғы күтіміне 181 мың теңге бюджет қаржысы жұмсалса, барлық жазасын өтеушілерге айына 32 миллион 580 мың теңге бөлінеді, деп хабарлайды massaget.

  Сотталғандардың бір күндік режиміне үш мезгілдік тамақтандыру кіреді. Тіпті күніне бір рет таза ауада серуендеуге уақыт беріледі.

  Сонымен қатар арнайы тәртіпке сай жақындарымен телефонмен байланысуға, кездесуге, мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *