Skip to content

ҚАРАУСЫЗ МАЛ – ҚАУІПТІҢ БАСЫ

   Өңірімізде мал ұрлығы мен жоғалуы, көбеймесе азаймай, тұрғаны көпшіліктің алаңдауына себеп болып отыр. Бұл ретте Аудандық полиция бөлімінің сала мамандары мал ұрлығының басты себебі қараусыз қалған төрт түлік екенін айтады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

   Ауылдарда жұмыссыз отырған жандардың басты байлығыда, сенері де – төрт түлігі. Алайда мал санын көбейту бір бөлек, оны бағуды да дұрыс  ұйымдастыра білу де маңызды. Мұнымен айтпағымыз Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтың 2022 жылға қорытынды есебінде айтылғандай соңғы кездері қараусыз бос қалған ірі қара, ұсақ малдарды қолды ететіндер саны артқан.

Әділбек Сапарбеков, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

 -Қәзіргі таңда аудан көлемінде ұрланған малдар саны бойынша 39дан 28 жылқы,9 сиыр және 2 қой ұрланған болса. Ал 4 жылқы, 14 сиыр, 67 қой мал иелеріне қайтарылған. Ашылмай отырған мал ұрлықтары Ділдәбеков ауылында 5 жәйт, Қазыбек би және Қарақай ауылдық әкімшіліктерінде 2 жәйттен, Жылы су, Ералиев ауылдық әкімшіліктерінде 1 жәйт тіркелді.

   Айта өтейік бұл жағдайлардың басты себебі, жайылым жерлердің жоқтығынан. Өңіріміздің жерлердің көпшілігі суармалы жер екені барлығымызға аян. Полиция басшысының есеп беру отырысын да Әділбек Абдірайымұлы 3 жақты келісім жобасы туралы айтты.

Әділбек Сапарбеков, Жетісай ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

  -Құрметті тұрғындардың назарына, мал иесі падашы және жергілікті тұрғын арасында 3 жақты меморандум жасалуда. 2022жылдың 12 айында жалпы 1120 келісім шарт жасалған. Осы уақыттағы жұмыстар 3 жақты келісім шарт дегеніміз алдында білетін шығарсыздар мынау малдың егесі падашы ауыл әкімі арасындағы меморандум. Ол жерде малдың егесі падашымен арасындағы келісімі, каншаға бағады. Ал ауыл әкімі жайылатын жерлерді ұйымдастырып беру белгілеп беру. Бұл бойынша біздер Алматы облысында колға алынып, сол жерде нәтижесін берген.

  Иә. Сақтансаң сақтаймын дегендей, полиция басшысы өңірдегі барлық тұрғындарды, малдарын қарауға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *