Skip to content

ҚАРҚАРАЛЫДА 21 МЫҢ ГЕКТАР АУМАҚ ӨРТЕНІП ЖАТЫР

Баянауылда жер өртеніп, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілген болатын. Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген өрт қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданына өтіп кеткен.Ал қазір Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

 

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.

Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат қаза тапты. 1991 жылғы сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *