Skip to content

“ҚАРЫЗ КӨЛЕМІ 1,4 МЛРД ТЕҢГЕ” : ҚАЗАҚСТАНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ САРБАЗ НЕСИЕСІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ

     Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс берілуде. Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылғандардың несиелік қарыздары кейінге қалдырылды. ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдару жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

   Бес мыңнан астам әскери қызметшінің жалпы соммасы 1,4 млрд болатын несиелік төлемдері кейінге шегерілген.

  “Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр. 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаздар анықталды”,- деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

  Бүгінгі таңда 8 800 қарыз және микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің төлемдері кейінге қалдырылған.

  Айта кетейік, Қазақстанда мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан аса азамат Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылым қатарын толықтырады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *