Skip to content

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫН» ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ҰСЫНДЫ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында «Қазақстан-2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл тұрғындарына осы игіліктің бәрі қолжетімді болады. Ол үшін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік статистика және мемлекет көрсететін қызметтер туралы заңдарға өзгертулер енгізу қажет», – деген Мемлекет басшысы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту мәселесіне жеке тоқталды.

  «Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай, біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез-келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *