Skip to content
Главная страница » ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ LY iTECH ЖӘНЕ HGTECH Co. Ltd КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ LY iTECH ЖӘНЕ HGTECH Co. Ltd КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

   Мемлекет басшысы LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды  қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

   Президентке тұрмыстық техникалардың, автокөліктер мен смартфондардың қосалқы бөлшектерін шығаратын және инновациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді.

  Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды.

  Сонымен қатар еліміздің инновациялық әлеуетін нығайту мәселелері де қарастырылды.

  Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін, соның ішінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол»  жаһандық бастамасы аясында ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған