Skip to content
Главная страница » ҚАТАР ДАМЫМАҒАН ЕЛДЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ $60 МЛН БӨЛЕДІ

ҚАТАР ДАМЫМАҒАН ЕЛДЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ $60 МЛН БӨЛЕДІ

     Қатар ең аз дамыған елдерге арналған Доха бағдарламасын қолдауға $60 млн бөледі. Бұл туралы Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мәлімдеді, деп хабарлайды  Sanur.kz ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап.

   «Мен жалпы сомасы 60 млн доллар қаржылай қолдау көрсетілетінін ресми мәлімдеймін, оның ішінде ең аз дамыған елдерге арналған Доха іс-қимыл бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға $10 млн және бағдарлама жоспарлаған нәтижелерді қолдау мен аз дамыған елдердің тұрақтылығын арттыруға 50 млн доллар бөлінеді», – деді Қатар әмірі Дохада өткен Аз дамыған елдер бойынша БҰҰ-ның Бесінші ашық конференциясында.

  Сондай-ақ, ол халықаралық қауымдастықты Қатардан үлгі алуға, Доха бағдарламасын жүзеге асыруды қолдау үшін «бастама көтеруге» шақырып, мұны аз дамыған елдердің халқы алдындағы «гуманитарлық парыз» деп атады.

  Доха іс-әрекет бағдарламасы – 2022 жылдың наурызында келісілген аз дамыған елдерді дамытуға арналған жол картасы. Онда негізгі алты бағыт көрсетілген: кедейлікті жою; ғылым, техника мен инновация әлеуетін пайдалану; құрылымдық өзгерістерді қолдау; халықаралық сауда мен өңірлік интеграцияны дамыту; климаттың өзгеруі мен пандемиядан кейін қалпына келтіруге байланысты іс-шаралар қабылдау; халықаралық ынтымақтастықты іске қосу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған