Skip to content

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА ПӘТЕР БАҒАСЫ БІР ЖЫЛДА 41% ДЕЙІН ҚЫМБАТТАҒАН

      Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты, деп хабарлайды Sanur.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

    Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

       Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр.

    Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *