Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ҚАНША АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ

     Елімізде өткен бір тәулікте коронавирусқа шалдыққан 22 адам анықталды, деп хабарлайды Sanur.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

    24 наурыздағы жағдай бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 789 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 619, пневмониядан (КВИ-) – 170 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 5 адамның жағдайы ауыр,

– 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

   Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 10 864 671 адам егілді, II компонентпен – 10 637 893 адам. Ревакцинацияланды – 5 776 192 тұрғын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *