Skip to content
Главная страница » ҚАЗАҚСТАНДА ИПОТЕКА МЕН ТҰТЫНУШЫ ҚАРЫЗЫН АЛҒАНДАР САНЫ ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ИПОТЕКА МЕН ТҰТЫНУШЫ ҚАРЫЗЫН АЛҒАНДАР САНЫ ӨСТІ

      Биыл жеке тұлғаларға берілген кредит саны ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Sanur.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

«Жеке тұлғаларға кредиттер 2023 жылғы қаңтарда 0,7%-ға ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі ипотекалық кредиттеудің 0,8%-ға 4,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 0,6%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес банк секторы бойынша 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) жалпы несие портфелінің 3,4%-ын немесе 824 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтарға – 3,4% немесе 815 млрд теңге)», – делінген Агенттік хабарламасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған