Skip to content
Главная страница » ҚАЗАҚСТАНДА ӨҢДЕЛГЕН ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨҢДЕЛГЕН ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙДЫ

     Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Брюссельге сапары аясында еуропалық комиссарлармен кездесті. Бұл туралы Sanur.kz АШМ сілтеме жасап хабарлайды.

     ҚР АШМ басшысы ауыл шаруашылығы жөніндегі еурокомиссар Януш Войцеховскиймен келіссөздер барысында ел Үкіметінің ЕО-мен сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын атап өтті.

       Қазақстан жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу үшін барлық мүмкіндіктерге ие, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. Атап айтқанда, отандық балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттау туралы сөз болды. Тиісті келіссөздер процестері аяқталуда, Франция және Швейцариямен қазақстандық балық өнімдерін сатып алуға коммерциялық уағдаластықтар бар. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық балықтың ЕО елдеріне экспорты 1,5 есеге артып, 8,7 мың тоннаны құрады. Негізгі тұтынушылар Польша, Словакия, Чехия, Нидерланды, Литва, Латвия, Дания, Австрия және Германия болды.

     Сондай-ақ еліміз еуропалық нарыққа бал, жылқы еті, сиыр еті мен сүт өнімдерін жеткізе алады.

        Еурокомиссар Стелла Кириакидеспен кездесу барысында Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауданы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

       Атап айтқанда, биылғы жылы күшіне енген микробқа қарсы препараттарды профилактикалық мақсатта қолдануға тыйым салу туралы Еуропалық заңнамаға енгізілген өзгерістер еуропалық мемлекеттерден Қазақстанға асыл тұқымды малды экспорттау кезінде қиындықтар туғызады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. Осы мәселені реттеу үшін министр екіжақты ветеринариялық сертификаттарға өзгерістер енгізуді сараптамалық деңгейде пысықтауды ұсынды. АШМ басшысы сондай-ақ Қазақстанға жануарлар ауруларының әкеліну қаупін азайту бойынша бірлескен шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Мал шаруашылығын дамытудың түрлі бағдарламалары аясында елге Еуропалық Одақ елдерінен 57 мың асыл тұқымды мал әкелінді.

      Айта кетейік, ҚР сыртқы саудасының шамамен 30% ЕО-ның үлесіне тиесілі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 35,6% өсіп, 995,5 млн долларды құрады. Қазақстанда зығыр, бидай, рапс және өңделген дәнді дақылдардың экспорты ұлғайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған