Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды Sanur.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл заңға сәйкес кешеден бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
Яғни жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді.
Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге, жеңілдетілген несие алу және басқа игіліктерге ие болады.
Сонымен қатар, жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман және жастардың еңбек жасағы ұғымдары ресми түрде қолданылады.