Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ СЫНАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЕНДІ ЕАЭО АУМАҒЫНДА ЖАРАМДЫ

         Қазақстанның сынақ зертханасы Еуразиялық экономикалық одақ тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды Sanur.kz Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

   «Қазақстандағы медициналық жабдықтарды сынау нәтижелері енді Еуразиялық одақ аумағында жарамды болады. Бұл отандық өндірушілер мен импорттаушылардың уақытын үнемдейді және қаржылық шығындарын қысқартады.

       Медициналық бұйымдардың отандық өндірушілерін қорғау және ел ішінде сынақтар жүргізу үшін «ҚазСтандарт» өз зертханасын тіркеу мақсатында Кеден одағының Медициналық бұйымдарға зерттеулер (сынақтар) жүргізу құқығына ие уәкілетті ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізді.

     2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде Медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енетінін атап өтеміз», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *