Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ «АЛТЫН» АЛДЫ

    Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуларда үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sanur.kz Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Нариман 15 400 ұпай жинап, ирландиялық және тайпейлік спортшыны шаң қаптырды.

    Еске сала кетейік, осы жаттығуларда өнер көрсеткен Ілияс Азизов 14 100 нәтижесімен алтыншы орын иеленді

      Бұған дейін Нариман Құрбанов Германиядағы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола медальға қол жеткізген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *