Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ АННА ДАНИЛИНА МИКСТЕН АҚШ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

  Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.

  Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

  Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы атанды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *