Skip to content
Главная страница » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МОЙНЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕ 12 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МОЙНЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕ 12 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

     Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының ақпан айындағы жай-күйіне шолу ұсынды, деп хабарлайды Sanur.kz.

      Жалпы ақпан айында төлем мерзімі 90 күннен асқан несиелердің көлемі 827 млрд теңгеге жеткен.

    Қаңтар айында бұл көрсеткіш 815 млрд теңге болған еді. Осы 827 млрд теңгенің 504 млрд теңгесі – жеке тұлғалардың мойнында.

    Қалған 323 млрд теңгесі – заңды тұлғалардыкі. Мұның ішінде шағын және орта бизнестің де «үлесі» бар.

     «1 наурыздағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредит портфелінің жалпы көлеміндегі үлесі 3,4%-ды немесе 827 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басында – 3,4% немесе 815 млрд теңге). Жеке тұлғалар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,8%-ды немесе 504 млрд теңгені (1 қаңтар 2023 жыл – 3,7% немесе 493 млрд теңге) ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалар портфелінде – 3,0% немесе 323 млрд теңге (1 қаңтар 2023 жыл – 3,0% немесе 321 млрд теңге)», – деп жазылған шолуда.

   Агенттік мәліметінше, мерзімі 90 күннен асқан кредиттерді арнайы резерв есебінен өтеу деңгейі 76,5% болған.

    Бұл жылдың басындағы көрсеткіштен 0,4% аз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған