Skip to content

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 17 АЙМАҒЫНДА ТЕННИС КОРТТАРЫ САЛЫНАДЫ

    Қазақстанның 17 аймағында теннис корттары салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны қабылдауындай айтты, деп хабарлайды Sanur.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

   Президент қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Сондай-ақ, Baby tennis, «10 жасқа дейінгі теннис» секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

    Айта кетсек, 14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан әйелдер құрамасы елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында аталған матчқа дайындықты бастады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина осы матчқа қатысу үшін Астанаға ұшып келді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *