Skip to content

«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» ТҮРКІСТАНДЫҚ КСІПКЕРЛЕРДЕН СЕБЕПСІЗ ҚОСЫМША АҚЫ АЛЫП ОТЫРҒАН

     Түркістан облысының прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктеген.

    Нәтижесінде газ тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

  Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *