Skip to content

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚАРҚЫН АЛДЫ

       Жетісай ауданында  қырым қанды қызбасының басты тасымалдаушысы – кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары  қарқын алды. Жануарларды түрлі індеттерден қорғау үшін  әр елді мекенде бүрку, тоғыту, залалсыздандыру  жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұл іске  аудандық ветеринариялық қызмет және санитариялық бақылау мамандары жұмылдырылып отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

        Жетісай ауданы – қырым қанды қызбасына  эпизоотиялық жағынан қолайлы аймақ. Күннің бірден жылынуымен жер бетіне шығатын кенеден келер қауіп көп. Мәселен, жыл басынан бері 7 адамды кене шағып алған. Сондықтан көктем, күз айларында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Биыл да індетке қарсы шаралар қарқын алған. Ірі малдар арнайы сүйықтықпен бүркіліп, ұсақ малдар тоғытылады, ал қора – қопсылар залалсыздандырылады.

НҰРБОЛ ҚАЛМҰРАТОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

– Буферлік зоналарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта буферлік зоналар 100 пайыз залалсыздандырылған. Малдарды тоғыту, бүрку жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Көктем және күзде.

     Ветеринариялық қызмет мекемесінің энзотиялық іс –  шаралар жоспарына сәйкес 66608 бас ірі малды бүрку, 200 мыңға жуық ұсақ малды тоғыту, 1 млн нан астам шаршы метр қора – қопсыны залалсыздандыру, 1 млн ға жуық шаршы метр суаттар мен мал иірімдерін дезинфекциялау  жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 28 наурызда басталған жұмыстар мамыр айында аяқталады деп күтіліп отыр. Заласыздандыру шараларына жалпы 70 маман жұмылдырылған.

ЖАСҰЛАН  ИШАНОВ; ПАРАЗИТОЛОГ МАМАН

– Бүгінгі таңда 16652 бас ірі малдар бүркіліп, 25 пайызға, 28 964 бас ұсақ малдар тоғытылып, 15 пайызға,. 748921 шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақтар залалсыздандырылып, 71 пайызға орындалды. 920681 шаршы метр мал иірімдері мен суаттар залалсыздандырылып, 100 пайызға орындалып , әрі қарай жұмыс жалғасын табуда. Ауа райы қолайлы болып тұрса іс – шараны мамыр айының 31 – жұлдызына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

   Қорасындағы ұсақ малын тоғыту алаңына айдап әкелген Боран ақсақал ветеринариялық қызмет мамандарына дән риза. Маусымдық шараларды дер кезінде атқарудың арқасында төрт түлігіміз түрлі індеттерден аман – сау дейді қария.

БОРАН СҰЛТАНОВ; АУДАН ТҰРҒЫНЫ

– Біріншіден қызмет қылған жігіттер сіздерге көп – көп рақмет! Менің айтайын дегенім: Жетісай аудандық ветеринариялық бөлімі және өзіміздің ауылдық әкімшілікке қарасыти ветеринариялық қызметкерлердің жылда өзінің тиесілі қызметіне лайықты жауап береді. Себебі халықпен тілдесіп, солардың кем – кетігін басқасын , қора – қопсыны дәрілеп, керек жеріне жәрдем береді.

       Қазіргі таңда залалсызданыдыруға қажетті барлық құралдар мен дәрілер облыстық басқарма тарапынан жеткілікті мөлшерде бөлінген. Ендігі мақсат –  әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, белгіленген межені 100 пайыз орындау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *