Skip to content
Главная страница » КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН КЕЗЕКТІ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН КЕЗЕКТІ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

       Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Ол ең алдымен, қала тұрғындарын жылумен қамтып отырған «Жылу энерго орталығы» МКК-да болып, жұмыс барысын бақылады. Жауапты басшыларға халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол бермеуді міндеттеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Жұмыс сапары барасында Зұлпыхар Жолдасов қаладағы газ беру жүйесін іске қосты. ll кезең бойынша 3500 абонент «көгілдір отынмен» қамтылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Кентау қаласы толық «көгілдір отынға» қосылды деуге болады. Жауапты мекеме тарапынан тұрғындарға газды жеке үйлерге қосу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Айта кетейік, Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету қаланың түрлі аймағында 3 кезеңге бөлініп, 2018-2019 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда І және ІІІ кезеңдер бойынша жұмыстар аяқталып, шаһар табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Қала бойынша жалпы 18 000 абоненттің 8 435 абоненті, яғни 47% табиғи газ жүйесіне қосылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған