Skip to content
Главная страница » КӨЛІК АЛУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНБЕЙДІ

КӨЛІК АЛУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНБЕЙДІ

     Автокөлік алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясындағы 188 млрд теңге айналымда қалады. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілерге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталсақ, 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Атап айтқанда, елімізде бұл бағдарламаға айтарлықтай сұраныс бар. Әзірге, салынған 188 млрд теңге жеткілікті деп санаймыз. Жақын арада айналымдағы осы қаражатқа қосымша ақша бөлінбейді. Себебі елімізде жүзеге асыратын басқа да маңызды міндеттер бар», – деді Р. Скляр.

   Сонымен қатар ол аталған бағдарлама аясында қаражат айналымда қалатынын айтты.

     «Бағдарлама тұрақты негізде іске асырылады. Бірақ оның аясында берілетін несие санына қатысты уәж айтылып жатқаны белгілі. Алдағы уақытта да револьверлік негізде қаржыландыру жалғасады, яғни осы айналымдағы қаражаты басқа мақсаттарға жұмсамаймыз», – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған