Skip to content

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ SMS АРҚЫЛЫ ӘСКЕРГЕ БАРУ МЕРЗІМІН КЕЙІНГЕ ЖЫЛЖЫТА АЛАДЫ

       Колледж студенттері SMS-хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады», – деп жазды Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті.

     «Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

      Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *