Skip to content
Главная страница » «КОНСТРУКТОР» КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРАМЫЗ, БІРАҚ ИЕЛЕРІ ОНЫ САТА АЛМАЙДЫ-МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

«КОНСТРУКТОР» КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРАМЫЗ, БІРАҚ ИЕЛЕРІ ОНЫ САТА АЛМАЙДЫ-МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

     Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне «конструктор» көліктер қалай заңдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Сол жерде Қазақстанда ондай автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. 2015 жылы Еуразия экономикалық одағы аясында да осындай автокөліктер қозғалысына тыйым салынды. Бірақ Президенттің тапсырмасы болғасын оны заңдастырып береміз. Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз», – деді ол.

         Министрдің сөзінше, қазір мұндай санатқа жататын 1,5 мың көлік бар.

   «Айтып отырмыз ғой, олардың бәрінің жол қауіпсіздігіне техникалық сертификатын қараймыз. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз», – деді Марат Ахметжанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған