Skip to content

ҚОР НАРЫҒЫНДА ДОЛЛАР 1,26 ТЕҢГЕГЕ АРЗАНДАДЫ

     Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар валютасы 1,26 теңгеге арзандап, 1 доллар 447, 73 теңге болды.

   Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 449, 22 теңге.

    Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448,5 теңгеден сатыолуда, сатып алу құны – 452 теңге.


  Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,3 теңгеден болса, сатып алу – 450,3 теңге.


  Алматыда Ресей рублі 5,75 – 6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
  Астанада көрші ел валютасы 5,85 – 5,92 теңгеден сатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *