Skip to content

ҚОР НАРЫҒЫНДА ДОЛЛАР ҚҰНЫ 2,83 ТЕҢГЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

       Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

      Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 2,83 теңгеге арзандап, 1 доллар 453, 39 теңге болды.Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 456, 21 теңге.


      Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 454 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңгеден болса, сатып алу – 453 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында, Астанада 5,42 – 5,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *