Skip to content

ҚОР НАРЫҒЫНДА ДОЛЛАР ШАМАМЕН 3 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Sanur.kz.

    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447, 68 теңге.

    Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 23 теңге.

  Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,96 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 450 теңге.

   Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге. Ресей рублі 6,01 – 6, 06 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *