Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Республика күніне орай бірқатар қоғамдық денсаулық сақтау қайраткерлерін, дәрігерлерді, сала менеджерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті, Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының атынан медицина жұртшылығының 18 өкіліне лайықты мемлекеттік наградаларды табыс етті.
«Парасат» орденімен: Семей медицина университетінің хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры Ботабаев Серікжан Исағалиұлы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасының профессоры Жолдин Бекболат, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің урологияны корпоративтік дамыту басқармасының талдаушысы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы марапатталды
«Құрмет» орденімен: Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасының медициналық бөлім бойынша орынбасары Дәрібаев Жолтай Рахымбекұлы, «Балбұлақ» оңалту орталығының өкілі Әбдірайымов Базарбай, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі Нерсесов Александр Витальевич, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүйек, жұмсақ тін және тері ісіктері орталығының басшысы Серікбаев Ғани Амангелдіұлы, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының бас консультанты Беркінбаев Сәлім Фахатұлы, Ұлттық нейрохирургия орталығының ми патологиясының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Рыскелдиев Нұржан Әмірбекұлы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медальдарымен: «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің директоры Молдажарова Несібелі, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры Мусина Айнагүл Советқызы,ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Смирнова Ольга Викторовна, Республикалық қан орталығының бақылау және сапа басқармасының басшысы Үкібай Майра Сейілғазықызы, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының медициналық бұйымдарға мамандандырылған сараптаманың бірінші санатты сарапшысы Сатыбалдиева Жаннат Әбенқызы, Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ кітапханашысы Уәлиева Гүлнар Қайырлықызы марапатталды.
«Шапағат» медалімен Академик Н. Ж.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Раймағамбетов Ерік Қанатұлы марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Астана медицина университетінің профессоры Сейсембеков Телман Зейнолланұлына берілді.
«Қазақстандықтардың денсаулығы үшін қажырлы еңбегі, денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға қосқан зор үлесі, өзінің асыл кәсібіне адалдығы үшін әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ жаһандық ауқымдағы соңғы іс-шараларға – Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясының 5 жылдығына және жоғары деңгейде өткен Еуропалық өңірлік комитеттің 73-ші сессиясына белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деп атап өтті А. Ғиният өзінің құттықтау сөзінде.
Министр жоғары мемлекеттік наградаларға ие болған әріптестеріне амандық, шабыт және ұлт денсаулығын сақтау ісінде одан әрі жетістіктер тіледі.