Skip to content

КРЕДИТ КЕШІРІЛЕ МЕ?

   Мемлекет басшысы өткен жылдың 30 желтоқсанында ҚР Азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңына қол қойған болатын. Енді азаматтар наурыз айынан бастап өзін банкрот деп тану үшін сотқа жүгінулеріне болады.

  Мақтаарал аудандық Кірістер басқармасының әр бір ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары, оқытушы ұстаздардың қатысуымен ұйымдастырған жиын барысында сөз болғандай банкрот деп жариялануға жататын азаматтардың көбі кепілсіз тұтынушылық несие алғандар. Сонымен қатар, банкрот борышкердің қатарына кіретіндердің арасында атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандар да бар. Заңмен 3 түрлі рәсім қарастырылған.
  Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша және келесі шарттар негізінде қолданылуы мүмкін. Ал осы заңнама шеңберінде қарыздарды есептен шығаруға жатпайтын мынадай талаптар бар, Ал банкрот деп жарияланған соң жеке тұлғаларға мынадай шектеулер енгізілуі мүмкін.
  Жеке тұлғаның банкроттық тәртібі туралы толығырақ ақпарат мемлекеттік кірістер комитетінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің интернет-ресурстарында жарияланған. Әр бір өтініш беруші аталған жоба аясында қажетті мәліметтерді арнайы сала мамандарының көмегіне жүгінусіз ақ әлеуметтік желі көмегімен кез – келген өтінішті онлайн бере алады.



Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *