Skip to content

ҚҰЛДЫҚ ҚАМЫТЫН КИГЕНДЕР

   Қос Қазақстандық Біріккен Араб әмірлігінде жүріп, белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқан. Алайда үш ел шектесетін «Алтын үшбұрыш» аймағына келгенде өздерінің алданғанын айтып, туыстарына хабар берген. Елдің Сыртқы істер министрлігі табыс табу мақсатымен шетелге жұмысқа кеткен Қазақстандықтар жайлы өз пікірін білдірді.

   Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше қос азамат еңбек құлдығына түскен. Соңғы рет 2022 жылдың соңында байланысқа шығыпты.

   «Оңтүстік-Шығыс Азияда біздің екі азаматымыз еңбек құлдығына тап болған. Олар өткен жылы желтоқсанның соңында Таиландтағы елшілік арқылы байланысқа шықты. Жоғалған азаматтардың ата-анасы бізге хабарласып көмек сұрады. Бұл алғаш жағдай емес. Бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыз осындай жағдайға тап болған еді. Біз оның елден шығуына көмектестік», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

  “Онда тек Қазақстан емес, басқа елдердің де азаматтары бар. Сондықтан мәселені кешенді түрде шешу қажет. Екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда қазір жоғалған екі азаматтан хабар жоқ, мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын», – деді Айбек Смадияров.

   Бұған дейін Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азаматтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған. Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ  жыл соңына қарай Исламбек достарына бейтаныс адамдардың ықпалымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін жеткізген. Бірақ  27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *