Skip to content

ҚЫСҚЫ СОР ШАЮ ЖҰМЫСТАРЫН 15 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН АЯҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

     Өткен жылдың қараша, желтоқсан айлары мен биылғы қаңтар, ақпан айларында ауа-райының қолайсыз болуына байланысты Мақтаарал ауданында шаруалар тарапынан агротехникалық шаралар өз деңгейінде атқарылмады. Сондықтан, агротехникалық шаралардың ішінде ең маңыздысы – қысқы сор шаю жұмыстары өте кеш басталып отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
       Қысқы сор шаю жұмыстарын тездетіп, вегетациялық маусымды нәтижелі өткізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
 
        Маңызды жиынға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және мамандары, ауылдық округ әкімдері мен жер мамандары, ағын су таратушы кооперативтердің басшылары және “Қазсушар” РМК-ның мамандары қатысты.
 
       Нұрбол Жақсылықұлы қысқы сор шаю жұмыстарын 15 наурызға дейін аяқтау керектігін, ол үшін шаруалар топан суды егістік жерге айдамай, ылғалдандыру технологиясы арқылы суару керектігін атап өтті. Ағын су таратушы кооперативтер тәулігіне 24 сағат бойы каналдардың басында болып, шаруаларға тоқтаусыз ағын су жеткізу керектігін қадап айтты. Сонымен қатар, жер жыртып, пал алу жұмыстарын шұғыл ұйымдастыру үшін ауылдық округ әкімдеріне шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті.
 
         Жиын барысында жаз айларында су тапшылығының болу ықтималдығы бар екенін айтып, су тапшылығының алдын алу мақсатында суды аса қажет ететін күріш дақылын егуді барынша азайту және вегетациялық маусым кезінде орын алатын барша кедергілердің алдын алу мәселелерін жиынға қатысушылар өзара талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *