Skip to content

ЛАГЕРГЕ БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ КӨЗ ЖҰМДЫ

  “Сап-сау күйде жібергенбіз!” Бурабайға – лагерге барған 14 жастағы бала көз жұмды. Ақмола полицейлері Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімін тергеп жатыр.

  Полиция мәліметінше, 11 қаңтар күні таңғы сағат 06.36 шамасында Бурабай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың оқу-сауықтыру орталықтарының бірінің аумағында көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.

  “10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні кәмелетке толмаған бала ішінің ауырғанына шағымданған, ал таңертеңгі сағат 05.00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде жасөспірімнің зорлық-зомбылықтан көз жұмуының сыртқы белгілері табылған жоқ”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

  Қазір оқушының өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *