Skip to content

“LESSON STUDY” – ТИІМДІ ӘДІС

        Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study.(ЛЕССОН СТАДИ) Педагогтардың өзара ынтымақтастығын арттырып, көш соңында келе жатқан шәкіртті қатарға қосуды көздейтін әдістің тиімділігін бүгін Мақтаарал мектеп гимназиясының ұжымы көрсетті. Аудандық семинар аясында 16 ашық сабақ өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.

        Мақтаарал мектеп гимназиясы аудандағы 14 жетекші мектептің бірі. Лессон Стади әдісін сабақта қолданудың тиімділігі тақырыбында өткен аудандық семинарда мектеп ұжымының бір жылдық зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетілді. Білім ошағында 20 зерттеу тобы бар. Топтардың мақсаты – үлгерімі төмен оқушыларды анықтап,  қатарға қосу.  Педагогикалық ынтымақтастықты арттыра отырып, білім сапасын көтерудің жолдарын бірлесіп шешу.

ДІНМҰХАМЕД ДОШМАНОВ; МАҚТААРАЛ МГ ДИРЕКТОРЫ

LESSON STUDYтақырыбы ауызға оңай айтылғанымен бұл кәдімгі жүйелі, тәжірибелі мұғалімдердің арқасында кері қарай кетіп бара жатқан оқушыларды жолға салу үлкен еңбектің арқасында біз қол жеткізіп жатырмыз.

       Аудандық семинар барысында 16 ашық сабақ ұйымдастырылды. Барлық сыныппен  жыл бойына 20 зерттеу тобы жұмыс істеген. Әр топтың 4 мүшесі бар. Жалпы 80 мұғалім зерттеуге қатысқан. Бүгінгі тәжірибе алмасу кеші жыл бойына атқарылған жұмыстың қорытындысы іспетті. Мектеп ұстаздары зерттеу нәтижесінде жинақтаған білімін әріптестерімен кеңінен бөлісіп,  өзара тәжірибе алмасты.

ҰЛТУАР ИСЛАМОВА; МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІСІ

– Бұл мектеп тек өзінің мектебімен емес, серіктес мектептермен де жұмыс атқарып жатыр. Үнемі байланыста. Семинарлар ұйымдастырып жатыр, аймақтық, аудандық және сонымен қатар, оларға десент сабақтар қойылып жатыр. Өздерінің мектебінен апарып мұғалімдермен өткізеді және ол мектептің мұғалімдерін өздеріне әкеліп те өткізіп жатыр. Үнемі үдерісте.

       Осылайша, семинарға келген әр педагог  тиімді әдіс – тәсілдің түр – түріне қанықты, тәжірибе арттырды.Сыныпты зерттеу арқылы білім сапасын көтеруге, нашар оқитын оқушының да болатынына көз жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *