Skip to content

МАҚТААРАЛДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ

   Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін, оларға кіреберістері мен автомобиль жолдарының бойларын көгалдандыру жұмыстары тапсырылған болатын. Осы ретте Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ арнайы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, мәжіліс өткізді.

  Елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды заңдастыру мен қайта өңдеу салаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу – жұмысшы топтың басты мақсаты.  

  Жиында елді мекенге кіреберіс аумақтарға және жол бойына егілген көшеттерді барынша күтіп ұстау, қоршау, суғару жүйесін ұйымдастыру жұмыстары талқыланып, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетілетіні айтылды.

   Жұмысшы топ құрамы аудандардағы салаларға қатысты тиісті жұмыстардың атқарылу барысына жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануда реттеу басқармасының басшысы баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ауданда аталған салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен таныстырды.

   Жалпы Мақтаарал ауданы аумағында 2022 жылдың күз мегілінде 10 522 дана ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде “Шардара орман” КММ-нен  500 дана  үйеңкі (клен) және 465 дана қарағаш (вязь) ағаш көшеттері, Қазығұрт ауданында орналасқан “Жасыл Желек” КММ-нен  5512 дана ағаш көшеті және Шымкент қаласында орналасқан “Бадам орман” КММ-нен  1600 көшет босатылып, толық егілген. Қалған ағаш көшеттері аудан аумағында орналасқан саябақтан  босатылып  отырғызылды. Ал, 2023 жылдың көктем және күз мезгілдерінде жалпы саны 21 690 дана ағаш көшетін егу жоспарланып отыр.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *