Skip to content

МАҚТААРАЛДА ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

   Мақтаарал ауданында 11-12 қыркүйек күндері жер сілкінісенен қорғану бойынша “Жер-2023” командалық штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі. 
 
  Оқу-жаттығу жиынына алдын ала қамдану мақсатында 6-қыркүйек күні аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтіп, аудан әкімі Б.Асановтың “Жер-2023” КШОЖ-на дайындық және өткізу жөнінде ұйымдастыру нұсқаулығы бекітіліп, кент және ауыл округ әкімдеріне, аудандық АҚ қызметтері, кәсіпорындары мен ұйымдардың басшыларына жолданған болатын.
 
   Мақтаарал ауданының №20 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне 2023 жыл 11 қыркүйек күні 08 сағат 00 минутта “Апат-999” сигналы бойынша ақпарат келді. Осыған сәйкес, азаматтық қорғау қызметтеріне хабар берілді.
 
  Шамамен 4-5 баллдық жер сілкінісі аудан аумағында орын алып, Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Оқу кварталы №6 және №7 көп қабатты үйлерде жер сілкінісі салдарынан қабырғалардың құлау оқиғалары туралы хабарлама келді. Хабарламаға сәйкес, оқиға орнына авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін, азаматтық қорғау құрылымдарына хабар берілді.
 
  №21 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Оқу кварталы №6 және №7 көп қабатты үйлердегі тұрғындарды эвакуациялап, жарақат алғандар шығарылып, орын алған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізді.
 
 Эвакуацияланған тұрғындар автобустар және микроавтобустармен тасымалданып, полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Мақтаарал ауылдық округі, Қазақ КСР-40 жылдық ауылында орналасқан зардап шеккен халықты уақытша орналастыру бекетіне жеткізді. Ауыр жарақат алған тұрғындар жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауымен аталған орынға жайғастырылды. Уақытша орналастыру бекеті жату орындарымен және т.б керек жарақтармен қамтамасыз етілген. Жарақат алған, өзін жайсыз сезінген тұрғындарға алғашқы медициналық, жалпы тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілді.
 
   Полиция қызметкерлері тарапынан апат аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары жүргізілді. Апат болған аймақтағы зақымдалған газ, су, электр жүйелерін тиісті мекеме қызметкерлері тарапынан қалпына келтірілді. Апат аймағында санитарлық және эпидемиялогиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық жұмыстар жүрді.
 
  Таңғы сағат 10:00-де аудан көлемінде барлық мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында жер сілкінісі кезіндегі іс әрекет бойынша жаттығу (сейсможаттығу) өткізілді. Азаматтық қорғау қызметтері қажетті құрал жабдықтарымен және техникаларымен “Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы” КММ-нің балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасының алаңында жиналды.
 
   Оқу-жаттығу барысында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығы пысықталып, тексерілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *