Skip to content

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» КОНКУРСЫНЫҢ ШАРТЫ ІРІ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ МҮДДЕСІНЕ АШЫҚ ЛОББИ ЖАСАП ОТЫР

       «Amanat» фракциясының кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жарияланған конкурстың шарты ірі компанияларға қолайлы деген пікір білдірді, деп хабарлайды Sanur.kz.

      «Конкурс өткізу шарттары бойынша қатысушыларға шартты жеңілдетіп төлеген салық сомасы бойынша беріледі. Бүгінгі таңда сома 5 жылы ішінде әр жылы 500 млн теңгені құрайды. Мұндай шекті жеңілдікті тек мегаполистерде тіркелген және жұмыс істейтін ірі компаниялар ғана ала алады деген болжам бар. Бірақ талқылау кезінде 50 млн теңге шек туралы айтылды. Бұл конкурстың жариялануына бірнеше күн қалғанда ғана өзгерген үрдіс болды. Алматы мен Астанадағы компаниялардың мүддесіне осылай ашық лобби жасау өңірлік жеткізушілерді шартты жеңілдіктен айырады. Осындай әдіс қолдану неге байланысты?», – деп сұрады депутат.

     «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтің айтуынша, конкурс талаптары керісінше сырттан келетін мердігерлерге тосқауыл қойып отыр.

    «Бұл талаптардың бәрін біз ойдан шығарған жоқпыз. Жергілікті әкімдіктер біздің жергілікті, өзіміз білетін компаниялар жұмыс істесе екен дегенді айтты. Әрине, ол үшін жергілікті мердігерлер шықса, арнайы 5 пайыздық жеңілдік бердік. Яғни, сіз айтқан үлкен компаниялар сырттан келіп, конкурсты жеңе алмайды. Біз осылай жасағаннан кейін мемлекеттік сатып алуға да бізден кейін осы тәсілді енгізді. Қазіргі таңда жергілікті жеткізушілердің сырттан келетіндерге қарағанда 5 пайыз жеңілдігі бар.

       Тағы да бір жайтты айтайын «РеалСтрой» деген компания шықты. 185 лоттың 175-іне өтінім берді. Мұны қалай айтуға болады.

       Бірінші санатты 2 мың, 2,5 мың, 1,5 мың орындық мектептердің конкурсына қатал талаптар қойдық. Өйткені саны бар сапасы жоқ компаниялар ұтып алып, ертең әлекке түсіп, үлкен құрылысқа қауіп төнуі мүмкін», – деді Мәулен Айманбетов.

   Айта кетейік, Мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *