Skip to content

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ОРТА ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 6 ЖЫЛДЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

       Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бектілді, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Мәлім болғандай, тұжырымдама 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына сапалы білім беру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

   Атап айтқанда, үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептерді жою арқылы жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жөнінде шаралар қабылданады. Мәселені шешу үшін 1,5 млн жаңа оқушы орны ашылмақ. Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталады. 2026 жылға қарай ауылдарда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында 5 мың мектеп жөндеуден өтеді.

   Сондай-ақ, балалардың шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық қасиеттерін қалыптастыру мен оқушылардың демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін қажетті деңгейде көңіл бөлінеді.

   Тұжырымдаманы орындау аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазақстандық жастардың колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуына баса назар аударылды.

     6 жылдық жоспармен мына сілтеме арқылы өтіп, толық танысуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *