Skip to content
Главная страница » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫНЫҢ ШҰҒЫЛ КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫНЫҢ ШҰҒЫЛ КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

       Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz Akorda.kz порталына сілтеме жасап, 

      Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

     Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

   Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған