Skip to content

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЕЕВПЕН БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

   Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
   Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
 
    Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды.
 
   Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *