Skip to content
Главная страница » МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА БАСШЫЛАР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР САНЫ РЕТТЕЛЕДІ — ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЕВ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА БАСШЫЛАР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР САНЫ РЕТТЕЛЕДІ – ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЕВ

     ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік қызмет пен кадр саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өкілеттік берілмек.

     Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында аталған ведомствоның басшысы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті норма бүгін палата отырысында бірінші оқылымда талқыланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ескерілген.

«Мемлекеттік органдарда басшылар мен орындаушылар санын реттеу ескерілген. Қолданыстағы заңға сәйкес, әр мемлекеттік орган штат кестесін өздері бекітеді. Алайда басшылар мен орындаушылар саны реттелмеген. Осы орайда бір басшыға кейде бір немесе екі орындаушыдан ғана келетін жағдайлар кездесіп жатады. Ал кейбір органдарда басшылар саны орындаушылардан да асып түседі. Бұл тұрғыда осындай олқылықты болдырмау мақсатында басшылар мен орындаушылар санын агенттік бұйрығымен реттеу ұсынылып отыр», – Д. Жазықбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, агенттік басшысы басқа өңірге ауысқан мемлекеттік қызметшілерге ротациялық төлем берілетінін, бұл қаражат пәтер жалдауға бағытталатынын айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте қашықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс кестесін реттеу құзыретін агенттікке беру қарастырылған.

Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің міндетті жұмыс өтеу тәртібіне өзгерістер енгізілмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған