Skip to content

“МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕНІҢ – ТІЛІМ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

     Жетісай ауданының тілдерді дамыту және оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде “Мемлекеттік тіл менің тілім”атты аудандық байқау өткізілді. Өзге ұлт өрендері қазақ тілінің өнерін салт-дәстүрін қаншалықты менгергендігін ортаға салды. Сонымен қатар облыстық байқауға жолдаманы сарапқа салды, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Байқауға  аудандағы  мектептер мен оқу орындарынан 11 түрлі этнос өкілдері қатысты. Жалпы сайыс үш кезең бойынша өтті. Бірінші өзін-өзі таныстыру болса, екінші  кезеңде Сұнтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін жатқа айтты. Үшінші шарт бойынша  ақындардың прозалық шығармаларын оқыды. Шараның мақсаты – аудандағы қазақ тілін жетік меңгерген этнос жастарын анықтау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру болды дейді байқау ұйымдастырушылары.

Мөлдір Балқашова; Жетісай ауданы тілдерді дамыту және оқыту орталығының әдіскері 

Жетісай аудандық тілдерді дамыту және оқыту басқармасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде “Мемлекеттік тіл менің тілім ” атты байқау ұйымдастырылуда байқаудың мақсатты мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастарын анықтау тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылуда. Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұд Торайғыров тың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың шартты бойынша, ауданымыздың аралас тілді мектептермен арнаулы оқу орындарынан 11 жас қатысуда.

     Бүгінгі байқауға тілге бай, қазақша көркем сөйлей алатын сондай ақ, қазақша салт-дәстүрді жетік меңгерген өрендер қатысты. Жарыстың жеңімпазы болып Штыкель Виктория танылды. Енді ол  облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.

Штыкель Виктория;  №3 Юрий Гагагрин мектебінің оқушысы 

Мен Штыкель Виктория №3 Юрий Гагарин жалпы орта мектебінен келдім. Бұл жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл жарысқа шыныменде еңбегіммен қатыстым. Алла қаласа облысқада қатысып ол жерден де бас жүлделі орын алуға лайықпын деп өзім ойлаймын. Ол үшін өз еңбегімді сол жерге сіңіремін.

     Қазақ жерінде тұратын әр азамат қазақ тілін білу қажет деп есептейтін сайыс қатысушылары қазақ тіліне деген құрметін осылай жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *