Skip to content

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

  Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы – елімізде жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды шаралардың бірі. Конкурсқа 10 жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан, деп хабарлайды Sanur.kz.

 Биыл конкурсқа 3 344 отбасы қатысты. Олардың 40% қалалық және 60% ауылдық отбасылар. Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінен құралған 20 отбасы – өңір жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ұстаздар, қолөнершілер, металлургтер, кәсіпкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары, тіпті әскери қызметшілерде бар.

 ЖАНДОС БАЙТУРОВ; Мақтаарал ауданы шекара басқармасы бастығының орынбасары, подполковник   
 Біздің Президентіміз жоғарғы Қолбасшымыз осы қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгілеген, негізгі акция бізде 13 қыркүйекте өтті, соған біз әскери ұжыммен жалпы бізде осы акцияға өзіміздің үлесімізді қосқымыз келді. Бізджің әскери қызмтшілеріміз олар тек әскери міндетін ғана емес, отбасы перзенттерін тәрбиелеп, жетілдіреді. Біздің осы Мақтаарал шекара басқармасының үлгілі жанұясы болып, капитан Масеновты беріп отырмыз.

   Отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы.

ШЫНБОЛАТ МАСЕНОВ; Мақтаарал ауданы шекара басқармасының материалдық есеп тобының бастығы
 2016жылы ҰҚК Шекара қызметіне жұмысқа келдім. Жұмысты алғашында Сарыағаш ауданы Шекара басқармасындақаржы бөлісмінің офицер лауазымында атқардым. Сарыағаш қаласында 4 жыл тұрдым. 2021 жылдың қаңтар айында Мақтаарал ауданының шекара басқармасына ауысып келдім, қызметімді ары қарай жалғастыруға. 2015 жылы оқуды аяқтап өзімнің туған күнімде 16 тамыз күні келіншегім екеуіміз отау құрдық. 2016 жылы ұлым дүниеге елді Қызылорда қаласында. Өзім Қызылорда қаласының тумасымын, сол жақта өскем, сол жақта білім алғанмын. Әке – шешем, бауырлдарым барлығы сол Қызылордада. Енді біздің қызметіміз оңай жұмыс емес, көп жағдайцда үйде болмайсың, қызметте боласың. Жалпы кез келген жұмыстың оңайыжоққой, оңай жерден ақша келмит, отбасымыз соған көнеді, келіншегіміз, бала – шағамыз күтеді.

   Жастайынан әскери қызметті арман тұтқан Шынболат Масенов жары Динарамен отау тіккелі 8 жыл. Әр істің өз қиыншылығы бар, ауыры мен салмағы бар деген отанасы Динара Темірханқызыда Әскери қызметтің темірдей тәртібіне үйреніскен.

ДИНАРА ИСАХАН; Шынболат Масеновтың жары
Әрқаша жұмыста болады шыныменде, жұмыста арасында кезекшілікте болады. Біз балалармен үйдеміз, ең бастысы әйел адамның міндеті ер азаматұқа деген жайлылық, ол үнемі жұмыста болғандықтан біз еш налымауымыз керек, бірге бәріне жетеміз,  Менің басты міндетім үйде жайлылық орнатып, балалармен солардың тәрбиесімен айналысу.

   Бақытты отбасы сонау студенттік шақтарында танысып, табысқан. Қазірге дейін жауынгерлік қызметтің қиын-қыстау сәттерінде бір-бірін түсініп, ортақ бала-шаға өрбітіп, отбасыларының тыныш, перщенттерінің бейбіт күнде оқып, білім алуы жолында тер төгіп келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *