Skip to content
Главная страница » МИНИСТРЛІК МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН КВОТА БЕЛГІЛЕМЕК

МИНИСТРЛІК МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН КВОТА БЕЛГІЛЕМЕК

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық -жобасын жариялады, деп хабарлайды Sanur.kz.

       «Квотаны ауданның, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жұмыс орындары санының 2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 желтоқсаннан кешіктірілмей алдағы жылға квота белгілейді. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес, 6 ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды қызметке орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады», – деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

        Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгілейді:

        50-ден 100 адамға дейін қызметкері бар кәсіпорындарда – жұмыскерлердің тізімдік санының 2% мөлшерінде;

      101-ден 250 адамға дейін қызметкері бар кәсіпорындарда – жұмыскерлердің тізімдік санының 3% мөлшерінде;

   251-ден артық адам жұмыс істейтін кәсіпорындарда – жұмыскерлердің тізімдік санының 4% мөлшерінде белгілейді.

      Бұл ретте, квота ҚР Еңбек кодексінде, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңда қызметке орналасудың ерекше шарттары, лауазымға тағайындау тәртібі айқындалған жағдайларда белгіленбейді.

     Сондай-ақ, құжатта жазылғандай, квота мүгедектігі бар адамдардың саны қызметкерлердің орташа жылдық санының 20%-дан астамын құрайтын қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда бөлінбейді

    Бұған қоса, еңбекке қабілетті жастағы мүгедек адамдар болмаған елді мекендерде де квота белгіленбейді.

      Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасу мүгедектігі бар адам Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Кейін оған жұмыс орындары ұсынылады.

         Қаулы 14 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған