Skip to content

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДЫ ЖҰМЫСҚА АЛҒАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙТІН СУБСИДИЯ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

   Мемлекет мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру шығындарына төленетін субсидия көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды Sanur.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімет айтты.

   «Биыл халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын жұмыспен қамту шаралары қайта қаралды. Біріншіден зейнет жасына жақындап қалған адамдардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Күміс жас» жобасына қатысушылардың жасы 50-ге дейін түсірілді. Қатысушылардың жалақысын субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды», – деді Олжас Ордабаев.

     Сондай-ақ, ол мүгедектігі бар адамдарға жұмыс ұсынғандарға қандай қолдау көрсетілетінін атады.

 «Екіншіден, мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру тетіктері қайта қаралды. Биылдан бастап мұндай жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің шығынын өтеу үшін 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия төленеді», – деді вице-министр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *