Skip to content
Главная страница » МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕІ АРТА МА?

МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕІ АРТА МА?

  Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау Әлеуметтік кодекс жобасы аясында жалғасады. Бұл туралы Мәжілістің таратылған 8-шақырым депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5 пайызға (2022 жылы екі рет 1 қаңтардан – 5 %-ға, 1 сәуірден – 4 %-ға) арттырылды. Мүгедектігі бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, 2021 жылы мүгедектіктің себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға арналған жәрдемақылар енгізілді. 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайды», – деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

    Сонымен қатар ол 2022 жылғы 27 маусымда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау ұйымдарында оларға бірінші кезекте қызмет көрсету құқығын айқындау, мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емделуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне емделу құнын өтеу (70 пайыз мөлшерінде), медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту мүмкіндігі және тағы басқа өзгерістер енгізілгенін атап өтеді.

  «Осылайша, мемлекет тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде және бұл бағыттағы жұмыстар Әлеуметтік кодекс жобасы аясында жалғасатын болады», – деді Алтай Көлгінов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған