Skip to content
Главная страница » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ КІРІП-ШЫҒУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАМАҒАН МЕКЕМЕЛЕР 60 МЛН ТГ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ КІРІП-ШЫҒУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАМАҒАН МЕКЕМЕЛЕР 60 МЛН ТГ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

       2022 жылы түрлі ұйымдар мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына жағдай жасамағаны үшін 60 млн теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

    2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Еңбекмині еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және басқа салалардағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне 1062 тексеру жүргізді.

     Олардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 900-ден астам ұйғарым берілді, жалпы 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды.

    Бұзушылықтардың ең көбі – Түркістан (бұзушылықтардың жалпы санының 23%), Қостанай облыстарында (22%) және Алматы қаласында (7%).

      Бұзушылықтардың негізгі бөлігі – жеке кәсіпкерлік және 2015 жылға дейін пайдалануға берілген объектілер.

    Жергілікті жерлерде объектілерді бейімдеу және осы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі шараларды мониторингтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы жұмыс істейді.

        Порталдағы деректерді жергілікті атқарушы органдар толтырады.

    Мүгедектігі бар адамдар белгілі бір объектіге барар алдында, үйден шықпай (компьютерден немесе телефоннан) оның бейімделу дәрежесін көре алады, сондай-ақ кейіннен қол жетімділікке баға бере алады.

  Парламент Сенаты қабылдаған Әлеуметтік кодексте «әлеуметтік инспектор» ұғымы енгізілді, ол Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ҚР-дағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылау функцияларын іске асырады.

   Бұл функциялар еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департамент қызметкерлеріне берілді.

    Өңірлік деңгейде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі 227 мониторингтік топ құрылды, оның құрамына 1630 адам кірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған