Skip to content

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ӘУЕКОМПАНИЯЛАР ЖЕҢІЛДІК ЖАСАУ КЕРЕК

   Мүмкіндігі шектеулі жандарға  отандық әуекомпаниялар ішкі және халықаралық ұшуларға 50 пайыздық жеңілдіктер жасау керек. Күні кеше өткен Мәжіліс отырысында депутат Бекқали Торғаев осындай мәселе көтерді.

     Биылдан бастап елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 8,5 пайызға өсті. Алайда инфлияцияның өсуі бұл тиімділіктің барлығын жоққа шығарып отыр деді халық қалаулысы депутаттық сауалында. Өзінің әлеуметтік парақшасына мүмкіндігі шектеулі жандар жәрдемақыны өсіруді өтініп, көп жазатынын ал олардың басым бөлігі толық емес отбасылар мен көп балалы аналар дейді. Көздері жасқа толған аналар балаларын емдету үшін дәрі – дәрмек пен анализдердің  бағасы, оған қоса дәрігердің қызметі тым қымбат екенін айтып, шағымданады екен. Ал шалғай ауылдарда қажетті дәрігер мамандары жетіспейтінін, маман іздеп аяқ тоздыратынын  шырылдай жазған. Бүгінде елде теміржол қатынасында мүгедек жандарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылғанын, дәл осындай жеңілдікті отандық әуекомпаниялар да енгізсе деді премьер министрідің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында.

Бекқали Торғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Бірінші, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін мемлекеттік жәрдемақыны көбейту;

  Екінші, ауылдарға барлық қажетті медицина мамандарын тарта отырып, ерекше күтімді қажет ететін жандарға медициналық көмек ретінде айына бір рет толық тексеріс өткізу

 Үшінші, ерекше күтімді қажет ететін балаларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік немесе жеке балабақшаларға тегін кезексіз орнату

Төртінші, мүмкіндгі шектеулі жолаушыларға тұрақты түрде отандық әуекомпанияларда ішкі және халықаралық ұшуларға 50 пайыздық жеңілдіктер қарастыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *