Skip to content

НАУРЫЗ ХАЛҚЫМЫЗҒА МОЛШЫЛЫҚ ПЕН ҚҰТ-БЕРЕКЕ СЫЙЛАСЫН – ӘЛИХАН СМАЙЛОВ

   Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов қазақстандықтарға осындай тілегін білдірді, деп хабарлайды Sanur.kz.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.

Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтіледі. Бұл күндер мерекелік демалыс саналады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *